Toplist

11 10 9
О тоях
0

В последнее время начал замечать, что многие молодые люди будь то девушки или парни перестали мечтать о тоях, присущей казахам мишуре и показухе.

Они начали понимать, что собирать всю "родню-неродню" со всего Казахстана в одной тойхане, завалить парочку лошадей, залезть в кредиты и опосля сосать лапу - тупо и не рационально.

Чаще слышу: "–Да лучше с самыми близкими посидеть, купить билеты на острова и сделать там романтическую регистрацию на берегу океана и в порыве страсти сделать ребенка в райском бунгало.".

Ну круто же? В разы дешевле, красивей, приятней. Никаких тебе сядь-встань, стой пол часа татешка из Атырау тост говорит, никаких пьяных рож, душных залов, никаких мазолей и страха за арендованное свадебное платье. Тателер мен ажелер никогда тебя не поймут, как и ты не будешь понимать молодежь в свои 60.

Все циклично и с каждым новым витком мы развиваемся и открываем что-то новое. Многим родителям надо понять. Не важно, казашка или русская, мусульманка или христианка, атеистка или кришнаитка. Это уже не ваша жизнь - это жизнь детей, это их счастье, их судьба. Пусть что хотят, то и делают. Не мешайте своим детям быть счастливыми.

Разве счастье сыновей и дочерей не главная цель?

Подитожить хочу лишь пожелав вам счастья, любви, понимания. Будьте гражданами мира и не ограничивайтесь ни в чем.

Ерман Абдулов Пост ВК

Показать полностью
11 10 9
Той - қазақтың "нирванасы"
2

Той десе өлеміз бар ғой. Тойдың уақытында кеткен ақша - ақша емес, тойдың уақытында бәрі - дос, бәрі - туыс, бәрі - құда, керек болса двойной құда, тройной бажа болып шығады. Қуаныш жақсы ғой әрине, барлық жұрт бір арада жиылып, бас қосып, қол алысып, қол берісіп, сыйласып, күлімдесіп дегендей.

Бірақ тойды құдды бір өмірдің соңғы күні ретінде көруді қою керек. Как будто сол күннен кейін өмір жоғындай. Дастарқан басында әр орынға рюмка қоюды да. "Тойға адам ішу үшін келеді" деген кеңес үкіметінен қалған түсініктен шаршамадық па?!

"Қайғыда адам жиылса, қайғы азаяды, қуанышта жиылса, қуаныш көбейеді" деген бар, сол үшін келеміз тойға. Алайда той басталмай жатып араққа сылқыя тойған ағаларды көріп ішің күйеді. Той барысында әлгі "қаһарман" тыныш отырса жақсы ғой, әрбір адамға тиісіп, тілек айтарда микрофон ұстауға шамасы келмейді ғой сосын. Ол кісіге қарап біреуіміз күлеміз, біреуіміз ұяламыз. Ол да біреудің әкесі, біреудің баласы, біреудің күйеуі.

Ол өзі де ұялады екен негізі, қасыңа келіп "Сен көкеңе ренжімеші, бүгін енді қуаныш қой, түсінесің ғой" деп, спирттің бұрқыраған буымен әшкиіңді буландырып жібереді. Ондай кісі барлығымызда да бар, мойындау керек. Ол кісі негізінде жақсы кісі екенін бәріміз білеміз. Жалғыз әлсіздігі - этанолдың түрлі процентаж ерітінділеріне тәуелділігі.

Қуанғаннан ішеді дейміз. Атасының басы қуанғаны! Ол адамның көңілінде бәлкім терең бір мұң бар. Қуаныш пен екеуі қатар келгенде екіншісін ұмытуды жеңілдететін бірден-бір құрал не? Иә, ол - этанол. Мұңды түгелімен ұмыттырса жақсы ғой, бірақ олай болмайды. Оның әсері кете бергенде еске түсетін не? Иә, ол - этанол. Сөйтіп іше береді, іше береді. Не үшін ішеді? Себебі бақытсыз. Ал неліктен бақытсыз? Себебі ішеді. Сөйтіп қоғамдағы араққұмар адамның саны біреуге артады.

Көңілде мұң болса біреумен бөлісу керек. Ол міндетті түрде психолог маман болуы шарт емес. Жақын адам, дос, сырлас болса да болады. Сөйтіп мұң азаяды, проблемалар шешіледі, мойындағы ауыр жүк жеңілдейді.

Бірақ біз бөліспейміз ғой. Себебі бізге ренжіп, өкпелеп жүрген ұнайды. Өзімізді бір фильмнің кейіпкері ретінде көріп, "Менікі дұрыс" деп, "Ешкім мені түсінбейді" дейміз. Атаңның басына түсіне ме, ештеңе айтпасаң, сені кім түсінеді-ей?! Тәкаппарлық! "Абыройдан айрылғанша, ішімде сақтап өткенім артық" дейміз.

Сөйтіп сақтаймыз, сақтаймыз, сақтаймыз. Бір күні ауырамыз. Диагноз алып, дәрі ішіп, емделеміз. Бірақ бұл бір ғана сырқат емес, бұл аурудың артында түрлі басқа аурулардың кезегі бар екенін уақыт өте келе ғана түсінеміз. Себебі сырқаттың психологиялық алғышарты бар екеніне назар аудармаймыз.

Жақындарымыздың қас-қабағына назар салып, жылы сөзбен көңілін аулап жүрсек, өмірдің қызығын тек тойлар мен демалыстан іздемей, күнделікті бірсарынды түстердің әрін келтіріп, бірсарынды дәмдердің нәрін келтіреміз деген сенімдемін! :)

Той - қазақтың "нирванасы".  қазақ  қазақелі  арақ  ішімдік  той
Показать полностью