Toplist

10 9 8
...Адам болам десеңіз...
0
...Адам болам десеңіз....  саясат  ценности  коррупция  бетпебет  хабар

Өткенде Саясат Нұрбек мырзаның қоғам құндылықтары жайлы сөз қозғағаны қатты ойландырды. Көп адам мұндай сөздерге мән бермейді негізі. Үкіметті ақтап жатыр деп те ойлап қалулары мүмкін. Ал шынтуайтында мәселенің түп-тамыры осы құндылықтарда. Адамның өзі, яғни оның ойлауы, сана-сезімі өзгермесе, әлеуметтік деңгейдегі ешбір реформаның пайдасы болмайды. Жалақыны өсірумен бәрі шешіледі деген өтірік нәрсе.

Құндылықтарды ескерген ата-ана кішкентай баласына "Маша и Медведь"-ті қосар алдында сәл ойланады.

Құндылықтарды ескерген мұғалім мектептегі әрбір оқушыны өз үйінің баласы секілді көріп, үлгілі тәрбие беруге тырысады.

Құндылықтарды ескерген дәрігер әр пациентті өз туысындай қарсы алып, жылы қабақпен шығарып салады, жүрегіне үміт ұялатады.

Құндылықтарды ескерген жол полиция қызметкері әрбір жасалған құқықбұзушылыққа айыппұл жаздырмайды, пара алмайды, қайта жүргізушіге ескерту беріп, "Бауырым/қарындас/аға/апа/әпке/әпше енді олай істемеңіз, жарайды ма?!" деп қамқорлық жасайды.

Құндылықтарды ескерген үкіметтің адамы, мейлі әкім болсын, мейлі шенеунік болсын, қарапайым халықтан ерекшеленудің амалын іздемейді, қайта сол халықтың өміріне зер салып, "төмендегі" адамдардың жағдайларын жоғарлатудың амалын жасайды.

Құндылықтарды ескерген әнші, "Гәкку ТВ" мен Тойбизнестен бөлек өзінің халық алдындағы жауапкершілігін ойлайды. Ашық-шашық киінумен атағын шығарып, ар-ұят шекарасынан аттамайды.

Өй жаза берсең жаза бересің ғой, уапшм не айтқым келгені түсінікті шығар...

Показать полностью