Toplist

yerden_jax
Город: Алма Ата
Пол: Мужской
Рейтинг: +170
Комментариев: 3
Добавлено постов: 10
Поставлено оценок: 17 1
Зарегистрирован: 13.07.2017
15 14 13
#CaneloGGG2
0
#CaneloGGG2.  ggg  canelo  caneloggg2  kazakhstan  mexico  boxing  yerdenjax

Негізі мына постты жазуға түк те настроение жоқ. Себебі #GGG-дың қасықтап жинаған жүлделері айналдырған екі балдың еселігімен Мексикаға кетті. Обидно.

Біріншіден, меніңше бұндай шайқастар бейтарап жерлерде өтуі тиіс. Себебі "әділ" қазылар, жалпы ол жердегі аудиторияның объективтіліктен жұрдай болып, Альвареске болысарын сезген едік. Өткен шайқастағы сандырақ ұпайлар осы жолы болмаса да, нәтижесін көріп отырмыз. Негізі жүлдеге белдіктер тігілген кезде мәселені баллмен шешу - өте қиын, келісесіздер ме? Әсіресі осындай спорный кездері.

Екіншіден, Халықаралық Бокс Ассоциациясы боксшыларды шығарар алдында олардың тек салмағына қарамай, жастарын да ескеру керек секілді. Себебі Головкин 36-да, Альварес 28-де. Арада 8 жыл бар. Генаны "шал" деуден аулақпын. Алайда спорт үшін сегіз жыл деген аз емес. Өзіңнен сегіз жыл кіші адамның кардио жүйесі сенікінен әлдеқайда жақсы соғары айдан анық нәрсе ғой. Оған қоса спортшылардың жүректері кәдімгі адамдыкінен бірнеше есе көп жұмыс істейді. Сол үшін егер де боксшының жасынан +- 3 жас аралығында лайықты қарсылас табылмаса, абсолют чемпион болып кеткендігі әділ болар еді деп ойлаймын. Бұлай болмаса, боксқа қатысып жүрген қазақ жастарынан біреу шығып, Альварестен белбеулерді қайтарып аларына сенімім мол.

Не десек те, мәселе белдіктерде емес. Гена ағамыз - еліміздің қаһарманы. Біз әрдайым оны құрметтеп, өскелең ұрпаққа осындай жекпе-жектердің куәсі болғанымызды айтып жүреміз.

Показать полностью
12 11 10
ЖОҒАЛҒАН ӨМІР
0
ЖОҒАЛҒАН ӨМІР.  сериал  отбасы  интернет  физрук  смысл жизни

Блогыма жазбағалы көп болды. Емтихандар ғой. Енді ғана таусылып, бар кеудеммен тыныс алар шақтар да келіп жетті. Емтихан атты тар замандардан қалған таңғы бестік будильниктер мен сан түрлі ескертпе жазбаларды көріп “ух, әйтеуір” деп айтатын кез де келеді екен-ау.

Бір өкінерім, жыл сайынғы “Алтын Домбыра” айтысының дәл қорытынды емтихандар уақытында болатындығы. Неге сәл кешірек жасамайды екен?!
Өз басым айтыс немесе “Әзіл Әлеміне” әмиянымдағы соңғы тиынымды беруге даярмын. Шоуды жақсы көретін халықпыз ғой.
Осы таяуда сол “Әзіл Әлеміне” өзім тыныш қана, ешкімге білдіртпей бара қояйын деп едім, болмады. Себебі сол концерттік видео ютубке шығып, енді жұрттың барлығы менің қай приколда қалай күлгеніме дейін біледі. Со-о-л, күтпеген жерден “звезда” болдым деген осы ғой...

“Әзіл әлемі” болсын, кім болса да, соңғы бір екі жылда әзіл-сықақ театрлардың репертуарынан “Келін” атты үнді сериалы ойып тұрып орын алғанын бәріміз білеміз. Ал енді соларың сол сериалға қанша прикол ұстаса да, қанша “әй, қазағым” десе де, жырқ-жырқ күлкі мен “иә, по-идее дұрыс айтады” дегеннен артық әсер болмағанын түсінеміз. Әлі сол қалпы, теледидар алдындағы ата-әже, әке-шеше, әпке-жезде, аға-жеңгелеріміздің... жоқ жоқ, мен қайтіп жазайын, және бөлек-бөлек...
Асқар тау АТАЛАРЫМЫЗ, әз жүзін әжім басқан ӘЖЕЛЕРІМІЗ, жапырақ жайған бәйтерек ӘКЕЛЕРІМІЗ, табанының астында жәннаттың кілті жатқан, аялы алақан АНАЛАРЫМЫЗ яғни біздің СҮЙІКТІ ОТБАСЫМЫЗДЫҢ телевизорды көп көргендігі сонша, олардың отыратын диваны мен жататын дивандары суып та үлгермей жатқан шығар. Иә, масқара деп осыны айт. Заманымыз сондай, енді қазақтың баласы үшін бір күнінің кем дегенде 4-5 сағатын (аямай!!!) төрт бұрышты қорапқа қарап өткізу үйреншікті болып қалды. Ал дәл сол кезде жастарымыз қайда?! Ооо! Олар да бар екен ғой. Әттең солардың бар екендігін көбісі ата-аналар сериал кезінде ұмытып кететін сияқты. Ал оларың болса уапше бөлек тақырып.

Енді елестетейік. Сериал уақыты. Бірақ реклама басталып кетсе керек, үйдегі үлкендердің біреуі басына ақыл кіріп, барып балам “нестеватыр” деп бөлмесіне бет алады. Ал бала да ақымақ емес, біреудің келе жатқанын біліп ол да, арғы жақтағы болып жатқан сериалын (иә, иә, сериалы, мысалыға “Физрук”, “Общага”, “Дневники вампира” т.с.с.) екі кнопканың көмегімен (ALT+TAB) жасыра қойып, сабағын оқып жатқандай кейіпке енеді. Сол кездегі диалог:
- Балам, сабағың қалай?
- Жақсы, бірақ сәл қиындап кетті...
- Әрине оңай болмайды, “оқу инемен құдық қазғандай” деген мақал бар, бірақ ертең осының жемісін көресің, - деп жаңағы кісі тезірек сөзін аяқтайды (арғы жақта жарнама біткен шығар уже).
Ал бала болса бұл сөзді кезекті үлкендердің шаблон ақылдарынан санап, әрі қарай “өз сабағын” жалғастыра береді.

Сөйтіп отбасының басы қосылатын кез тамақтанған кезде ғана болса керек, и то оған жастарыңды шақырсаң “кейін ішем” дегені бар. өйткені о жақта қызығы енді ғана басталып жатқан сериал, немесе ойын, немесе тағы бір бәле. Бәле! Нағыз бәленің өзі!

Бұл жауапқа ата-анасы “өзі білсін” деп қоя береді. Өйткені оны күтіп қалса, сериалының кезекті санына үлгермей қалады. Масқара деп осыны айт! Жайшылықта өз мекенін тек қабірде көрген “қазақтың пунктуалдылығы” осы жерде көрініс табады. Еее, күлсең кәріге күл емес, осыған күл!

Арғы жақта тамақты кейінге қалдыратындай баласы не істеп жатқаны жайлы тек жақсы ойда табылатын үлкендер оның шаруасына барып араласуды да білмейді. Әдетте көрші үй түгілі қала әкімінің отбасында не боп жатқанын біліп жүрген адамың, бүгінде баланың не тындырып жүргенін білмейді. Біл-мей-ді!!! Міне, кәріге емес, осыған күл! Себебі бұл жақсы ойда табылу емес, “пофигизмнің” нағыз өзі! Балам не істеп жатса да, маған бәрібір дегеннің айғақ дәлелі осы!

Сол себептен көп болса бес метр қашықтықта отырған балаларыңыз не істеп отырғанын бір баяндап берейін. Ол балаңызға “жұрттан қалмасын” деп бағасы бір холодильниктің бағасымен парапар сотка алып беріпсіз. Енді сол не “пайдаға” жарап отырғанын бір ойланып көрдіңіз бе?! Ойлансаңыз да, ойланбасаңыз да ол телефон сіздің балаңыздың абыройына абырой қосумен тоқтамағандығын біліңіз! Сотка, планшет және лимитсіз ғаламтор сіздің балаңыздың “көзін ашып”, “ақыл” үйретуде. Ғаламторға балаңызды қол-аяғымен тапсырған сіз дұрыс жасадыңыз, себебі ендігәрі балаңыз сізден өткен “даналыққа” қол жеткізеді. Балаңыз ақылына “ақыл” қосып қана қоймай, ертең-ақ сізге ақыл үйретеді. Кішкентай алты жасар ұлыңыз сізге баланың қалай дүниеге келетіні туралы сұрақты да қоймайды! Себебі сіз оның қамын ойлап жүргенде “ұлы” ғаламтор сіздің балаңызға соны жақсылап тұрып түсіндірді. Сіздің он жеті жасар балаңыз далаға шықпайды да. Себебі даладағы қызықты ол дегенің компьютерден-ақ көріп отыр.

Мен одан да сорақысын айтайын ба?! Онда құлақ асыңыз! Сіздің балаңызда қазір жөні түзу өмір жоқ! Сенбейсіз бе?! “Жоқ, менің баламда бәрі жақсы” деуден бұрын жақсылап тұрып ойланайық. Балаңыздың өмірі түзу келе жатса, ғұмырының қызығы болып жатса, неліктен ол, ойдан шығарылған жоқ адамдардың өмірі – сериал мен киноға, жоқ әлем – виртуалды әлеуметтік желілерге белшесінен батады?! Ал сіз ше?! Неге сіз, “Келінді” кешіктірмей, өз өміріңіздің бір бөлігі еттіңіз?! Во-о-от!!! Демек сізде де, өзіңіз қалаған, сізді қанағаттандырар өмір жоқ! Сіз ол өмірден қашуға тырысып жатқаныңызды білмейтін де шығарсыз, бірақ ол солай!

Сондықтан да белгілі бір сериалды “жақсы сериал”, “сүйікті сериал” деуден бұрын мұқият ойланыңыз. Себебі ол белгілі бір аурудың диагнозын дұрыс қоюдай маңызды. Дұрыс қойылмаған жағдайда бұл дерттің зардабы санамызды улаумен шектелмей, “хронический” деген дәрежеге жетуі әбден мүмкін. Ал бұдан кейінгісін елестетпей-ақ қойсақ та болады. Өмірден түңіліп, мағынасыз, негізсіз мұңның ағысына батқандар осы күні көп-ақ. Суицидтен еліміздің статистикасы осыған айқын дәлел. Түсінген адам түсінді.

Өмірдің мәнін түсінбегеннен осындай бәлелерге тап боламыз. Әй, кезінде аталарымыз интернетсіз-ақ бақытты болды ғой, сериалсыз-ақ өмірдің қызығын көрді ғой. Неге? Себебі өмірдің мәні біздің қай заманда, қандай жағдайда өмір сүргенімізге қарамайды! Солай емес пе?!

Показать полностью
11 10 9
"САУАТТЫ" АУДАРМАЛАР
1
"САУАТТЫ" АУДАРМАЛАР.  orchestra  переводы  казахский язык  googletranslate "САУАТТЫ" АУДАРМАЛАР.  orchestra  переводы  казахский язык  googletranslate "САУАТТЫ" АУДАРМАЛАР.  orchestra  переводы  казахский язык  googletranslate

Аударма барысында Google Translate қолданған "Orchestra" дүкенінің адамдары жұрттың күлкісіне қалды. PR-ға бұны жатқызу қиындау енді. Әйтсе де балаларыңызды бетінен сүюді ұмытпаңыздар! ;)

Показать полностью
12 11 10
КОЛАНЫҢ ПАЙДАСЫ
5
КОЛАНЫҢ ПАЙДАСЫ.  кокакола  cocacola  напитки  жара  сахар

Қарттар "Мезим" ішсе, жастар "Кола" ішеді ғой осы күні, ет жегеннен кейін :D

"Ішінде қанты көп" деп CocaCola ішпей жүргендер, CocaCola Zero ішуге асықпасын. Құрамында қанты жоқ болғанымен, өндірушілер оның орнына "аспартам" (E951) қосады екен. Бұл химикат әдетте қанталмастырғыштарда (деп аудара салдым) қолданылады.

Енді бұл химикаттың зияндылығы жайлы ғаламтор не дейді:

"...Медики и ученые всё больше склонны к тому, чтобы рекомендовать использовать Е951 по минимуму, потому что доказаны такие негативные последствия длительного приёма добавки, как аллергические реакции, головные боли, депрессии, мигрени и бессонница.

Коварство Аспартама заключается в том, что слюна не может смыть Е951 полностью, во рту остаётся приторный привкус, который хочется заглушить. Поэтому, выпивая в жару стакан газированного сладкого напитка, через пару минут человек тянется за второй порцией..."
Сондықтан да абайлау керек. Бір бәледен қашамыз деп, екінші бәлеге ұрынып қалмайық ;)

Пысы: Коланың пайдасы жоқ, бірақ Кока-Кола Зироға қарағанда зияны азырақ! ;)

source: http://www.calorizator.ru/addon/e9xx/e951

Показать полностью
10 9 8
...Адам болам десеңіз...
0
...Адам болам десеңіз....  саясат  ценности  коррупция  бетпебет  хабар

Өткенде Саясат Нұрбек мырзаның қоғам құндылықтары жайлы сөз қозғағаны қатты ойландырды. Көп адам мұндай сөздерге мән бермейді негізі. Үкіметті ақтап жатыр деп те ойлап қалулары мүмкін. Ал шынтуайтында мәселенің түп-тамыры осы құндылықтарда. Адамның өзі, яғни оның ойлауы, сана-сезімі өзгермесе, әлеуметтік деңгейдегі ешбір реформаның пайдасы болмайды. Жалақыны өсірумен бәрі шешіледі деген өтірік нәрсе.

Құндылықтарды ескерген ата-ана кішкентай баласына "Маша и Медведь"-ті қосар алдында сәл ойланады.

Құндылықтарды ескерген мұғалім мектептегі әрбір оқушыны өз үйінің баласы секілді көріп, үлгілі тәрбие беруге тырысады.

Құндылықтарды ескерген дәрігер әр пациентті өз туысындай қарсы алып, жылы қабақпен шығарып салады, жүрегіне үміт ұялатады.

Құндылықтарды ескерген жол полиция қызметкері әрбір жасалған құқықбұзушылыққа айыппұл жаздырмайды, пара алмайды, қайта жүргізушіге ескерту беріп, "Бауырым/қарындас/аға/апа/әпке/әпше енді олай істемеңіз, жарайды ма?!" деп қамқорлық жасайды.

Құндылықтарды ескерген үкіметтің адамы, мейлі әкім болсын, мейлі шенеунік болсын, қарапайым халықтан ерекшеленудің амалын іздемейді, қайта сол халықтың өміріне зер салып, "төмендегі" адамдардың жағдайларын жоғарлатудың амалын жасайды.

Құндылықтарды ескерген әнші, "Гәкку ТВ" мен Тойбизнестен бөлек өзінің халық алдындағы жауапкершілігін ойлайды. Ашық-шашық киінумен атағын шығарып, ар-ұят шекарасынан аттамайды.

Өй жаза берсең жаза бересің ғой, уапшм не айтқым келгені түсінікті шығар...

Показать полностью